АРГЕНТИТ (лат. argentum — күміс), күміс жылтыры— сульфидтер класының минералы. Хим. формуласы Аg2S. Құрамында күміс (87,1%), күкірт (12,9%) және қоспа ретінде мыс, қорғасын, темір, т.б. болады. Кубтық сингонияда кристалданады, жоғарғы темп-рада (179°С-тан жоғары) кристалдары куб, төменгі темп-рада ромбы тәрізді келеді. Түсі сұр, қара сұр, жаңа сынған жері металша жылтыр келеді, бірақ тез тотығып қараяды. Қатт. 2 — 2,5; меншікті салм. 7,2 — 7,4 г/см3. А. полиметалл кендерінде сульфидтермен, т.б. күмісті минералдармен бірге кездеседі. А. — күміс өндірілетін кентас.