АРБИТР (лат. arbiter— дел- дал, төреші), құқықта — ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың қатысуымен экономикалық дау-дамайларды шешетін лауазым иесі. А-дың өкілетті міндеттері мен атқаратын қызметтері тиісті арбитраждың қызметтерін реттейтін заң актілерімен айқындалады. А. даулы істерді қарауға басшылық жасайды, тараптардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, іс бойынша шешімдер қабылдайды немесе шешім қабылдауға қатысады. А. зандылықтың, мемл. тәртіптің бұзылғандығын, шаруашылық қызметінің кемшіліктерін айқындап, оларды жоюға және ескертуге, шара қолдануға міндетті. Өзіне берілген құқылар ауқымында іс қарауға байланысты А-дың қойған талаптарын кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың бәрі орындауға тиіс.