АРБА ЖАСАУ

АРБА ЖАСАУ — тұрмыс қажеттілігінен туған ұсталық кәсіп.Арба жасау үшін ағаш ұсталары қайың ағашын сәуір — мамыр айларында жұмсақ, иілгіш уақытында кесіп алып, иетін жерлерін иіп, бөліп-бөліп қояды. Арба доңғалағы үшін қайыңның иіні бар жерін таңдайды. Ұста жаз бойы арба құрастырады. Арбаның екі доңғалағы, жүк салатын қорабы (жәрәндігі), білігі, тертелері, ешбір темір шеге қолданылмастан, тұтастай ағаштан жасалады. Ұста бір жазда 20 арбаға дейін құрастырады. Екі доңғалақты арба 20-дан 50 пұтқа дейін жүк көтереді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *