АРА ҰЯСЫ

АРА ҰЯСЫ – адамдар қолымен жасалған аралардың бал жинайтын мекені. Адамдар алғаш Ара ұясын ағаш діңінен ойып немесе сабан мен шыбықты құммен араластырып, араның табиғи ұясына ұқсатып жасаған. Қазіргі Ара ұясы төртбұрышты қораптан және қорапқа бекітілген жақтаулардан (рама) тұрады. Сондай-ақ онда ұяның түбі, төбесі және ұяны кеңейтуге арналған қосымша қораптары, алдыңғы жағында аралар кіріп-шығатын қуысы болады. Қазақстанда Ара ұясының: 12 жақтаулы (рамалы) бір қабырғалы; 14 жақтаулы екі қабырғалы; 24 жақтаулы екі қорапты; 40 жақтаулы көп қорапты ұя түрлері кең тараған. Қорапты жақтаулар стандартты, аум. 435 – 445 мм келеді. Ара ұясы жеңіл, берік, араны күтуге, бал жинауға қолайлы болуы тиіс. Ұяны қарағайдан, май қарағайдан, самырсыннан, шыршадан, қызыл талдан жасайды. Олардың сыртын су өтпейтіндей етіп әр түрлі бояулармен сырлайды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *