АРАҚАРАҒАЙ – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының солтүстік-батысында, орманды дала белдемінде орналасқан шоқ қарағайлы орман. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 40 км-ге созылып жатыр. Ені 20 км-ге жуық. Жалпы аумағы 616 км², оның ішінде ағаш өскен аумағы 271 км². 1 га-дан 250 – 350 м3 ағаш алынады. Орналасқан жері жазық құмтасты және сазды келеді. Орманның алаңқай жерлерінде ұсақ көлдердің қазаншұңқырлары, аласа жалдар, белестер бар. Арақарағайдың солтүстік-батыс бөлігінде қарағай, қайың, көктерек өседі, итмұрын, тобылғы бұталары жиі кездеседі. Орманнан отын, құрылыстық ағаш дайындалады. Ағаш отырғызумн «Арақарағай» орман шаруашылығы шұғылданады. А-дың агрометеорол. маңызы бар.