АРАХНОЛОГИЯ (грек. aráchnē – өрмекші, logos – ілім), өрмекшітану – зоология ғылымының өрмекші тәрізділерді зерттейтін саласы.
Ол өрмекшітәрізділердің анатомия, морфология құрылымын, түр құрамын, жекеше дамуын, шығу тегін, физиология және экологияерекшеліктерін, сондай-ақ табиғаттағы орнын анықтайды. Қазақстанда Арахнология саласы бойынша жүйелі ғылыми-зерттеу 1930 жылдан басталды. Оның дамуына П.И.Мариковский, Н.Ж.Ашықбаев, Ш.К.Тарабаев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Арахнологияжануарлар дүниесінің, оның ішінде буынаяқтылардың даму тарихын білуде маңызды рөл атқарады. Арахнология көптеген ғылым салаларымен (медицина, ауыл шаруашылық, мал дәрігерлігі, т.б.) тығыз байланыста дамиды.