“АРАСАН” — Алматыдағы монша кешені. 1982 ж. салынған, (сәулетші В.Т. Хван, инж. Қ.Р. Төлебаев. Қазақстан Мемл. сыйл., 1984 ж.). Монша салу тарихында кездесе бермейтін шығыс, орыс және фин моншаларын бір кешенде біріктіріп, шығыс сәулет өнері үлгісінде жобаланған. Жобаның негізі етіліп Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы ортағасырлық монтіреуге орнатылған. Еденіне 40 см металл плита төселген, астынан ортағасырлық “қандар” жүйесіне ұқсатып жасаган түтіктер арқылы жылу беріліп тұрады. Әшекейлеуге гранит-мәрмәр қолданылған. Күніне 2,5 — 3 мың адамға қызмет етеді. Үлкендер, балалар бөлімі, шаштараз, косметология кабинеттері бар.