АРАСАН — Алматы обл-ның Ақсу ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің ортальіғы. Ауд. орталығы — Жансүгіров кентінің оңт.-батысында 25 км жерде, Бүйен өз-нің сол жағалауында орналасқан. Тұрғыны 2,0 мың адам (1997). Жетісу Алатауының ылғалды-қоңыржай агроклиматтық белдемінде жатыр. Оның тау етегіндегі күңгірт қызыл топырағында бұта аралас жусан, селеу, бетеге басым әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. Елді мекенде мектеп, кітапхана, клуб, кинотеатр, аурухана, денсаулық сауықтыру мекемелері бар. А-ға мемл. маңызы бар автомоб. жолы жүргізілген. Тұрғындары Жансүгіров кентімен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.