АРАМСОЯУ 

АРАМСОЯУ (лат. Cuscuta) – шырмауықтар тұқымдасы, арамсояулар тұқымдасына жататын бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктертуысы. Хлорофилі жоқ, паразитті түрде тіршілік етеді. Жер шарында тропиктік аймақтардан қоңыржай белдеулерге дейінгі жерлерде өсетін 170-тен аса түрі белгілі. Арамсояу Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Арамсояудың 19 түрі бар. Оның ішінде көп тарағандары – Қаратау арамсояуы (C. Karatavіca), дала арамсояуы (C. campestіs). Бұлардың сабақтары өте жіңішке жіп тәрізді болады, басқа өсімдіктерге шырмалып өседі. Жапырақтары семіп, тек қабыршақ күйінде жетіледі. Ұсақ болып келген, ақ не қызғылт, кейде қызыл не сары гүлдері шатырша немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жемісбереді. Жемісі қауашақ тәрізді. Бір өсімдікте он мыңдаған майда тұқым жетіледі. Тұқымынан пайда болған өскіннің тамыры топыраққабекиді. Өну қасиеті бірнеше жыл сақталады. Арамсояу – өте зиянды арамшөп. Ол зақымдаған дақыл, көбінесе тіршілігін жояды. Арамсояудан сақтану үшін егіске гербицид шашады, егетін тұқымды тазалап, дәрілейді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *