АРАМЗАЛЫҚ — адам бойындағы қараниеттілік, зұлымдық, бұзақылық қасиет. А. көріністерін сұм, залым, ішмерез деп те атайды. Ол арам ниет, теріс ой-пікір, ұрлық- қарлық, өтірік-өсек арқылы көрінеді. А. мінез-құлықтың ұнамсыз, жексұрын сипаты ретінде адамның кісілік қасиеті мен азаматтық тұлғасын төмендететін келеңсіз қасиетке жатады.