АРАЛ 

АРАЛ — Қызылорда обл- ндағы аудан орталығы, қала, т.ж. стансасы. Арал т-нің солт.-шығысындағы Үлкен Сарышығанақ қолтығында, шөл белдемінде орналасқан. Тұрғыны 30,9 адам (1997). Іргесі 1905 ж. “Алтықұдық” деп аталған кішкене қыстақ негізінде қаланған. Кеңес өкіметі орнағаннан соң жұмысшы кентіне, кейін қалаға айналды. А-да балық өңдеу комбинаты, шыны жасау, май з-ттары, тігін ф-касы жұмыс істейді. Сондай-ақ т.ж. көлігінің жұмысын қамтамасыз ету және тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары, орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, өлкетану музейі, аудандық аурухана, сан-эпидемиол. ст., газет баспаханасы, қонақүй, мейрамхана, қоғамдық тамақтандыру мекемелері бар. А. арқылы Орынбор — Ташкент т.ж. мен Қызылорда — Ақтөбе автомоб. жолы өтеді. Қала тұрғындары елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *