АРАЛ ТЕҢІЗІ

АРАЛ ТЕҢІЗІ — Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алқабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға Үжен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты). А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхак, әл-Истахри (10 ғ.), ӘбуАбдал- лаһ Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай- ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 — 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың экспедициясы А. т- нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. 1874 ж. геодезист А.А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солт.-батыс жағасына қала орнатты. Теңіз суының хим. құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870-73 ж. жарық көрді. 1900 —03 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді геогр. және гидрол. зерттеулер Л.С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғыл.-зерт. және жобалау ин-ттары шұғылданды. 

Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғыл.-зерт. мекемелері А. т-н зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер кыртысының төменге майы- суы нәтижесінде калыптаскзн. Табанының бедері жота-жота- лы жазық болып келеді. Дсңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың біркэ- тары түбектерге айналып, қүрлыкка қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Бар- сакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. кэруын сынэу алаңы болған). Солт-нде биік жөне жайпақ жағалаулар кезектесіп отыра- ды. Олар терең шығанақгар- мен тілімделген; шығыс жаға- сы жазықжөне кұмды, шағын шығанақгар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңт. жағасы Әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шама- лы, бұл тұстағы биікт. 250 м- ге жететін Үстірттің жарла- уыт қабақтарынан түрады. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сыр- дария) кұяды. Климаты кон- тиненттік, құрғақ, ауаның ор- таша темп-расы жазда 24 — 26°С, қыста -7,0 — 13,5°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құра- мы: көл бетіне жауатын жау- ын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км3. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықган теңіз суы жылдан жылға тар- тылып келеді (1-картаны кэра- ңыз). Су деңгейінің маусым- дық тербелісінің орташа мөні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауыткуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұ- былмалылық болмаса су дең- гейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағыт- талған (картаны қ.). Судың беткі қабатының темп-расы жазпз 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айды- нын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдай- да 9 — 14 болатъш, сонғы он жыл ішінде (1988 — 98) 25 — 30%о-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі те- рендікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқы- ры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жер- сіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ға- на кдтынайды. Маңызды ай- лақтары мен негізгі экон. қ- лары бұрын Арал (Кіші Арал- да) жөне құрлықта қалған Мойнақ (Үлкен Аралда) қ- лары болған. А. т-нің жаға- лауында халық аз тұрады, жер- гілікті халық балық аулау, мал ш-мен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не кұятын өзендердің атырау ау- мағы кіреді. Балық өндеу (тұз- дау) зауыттары бұрын Әмуда- рияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Үялы және Үзын- кэйыр аралдарында орналас- кан болатын. Алғаш Әмуда- рияның атырау тұсы А. т. ата- лып (аралдардың өте көп бо- луы себепті, картаны қара- ңыз), кейін теңіз түгелімен Арал аталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *