АРАЛ БАТЫР 

АРАЛ БАТЫР(18 ғ) — қолбасы. Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Кіші жүздегі Кете руынан. Әжібай Балпашұлы бидің інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының “Сабалақ” дастанында суреттелген. Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған Арал батыр қазақ елінің Ресейге бодан болуына қарсы болды. 1738 ж. Әбілқайыр ханды қолдаған ру басылары Ресейге бодан болуға екінші рет ант бергенде құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Арал батыр Жемнің төменгі ағысындағы Бақашы әулиенің қорымына жерленген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *