АРАЛТӨБЕ — Батыс Қазақстан обл-ның Сырым ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Шідерті өз-нің бойында, ауд. орталығы — Жымпиты а-нан солт.-шығысқа қарай 30 км жерде, шөлейтті дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 2,2 мың адам (1997). А. 1996 жылға дейін “Жымпиты” ірі қара өсіретін кеңшар мен ауылдық кеңес ортальпы болды. Орта мектеп, балалар бақшасы, клуб, дүкен, кітапхана, аурухана бар. Тұрғындары аудан орталығы Жымпиты а-мен және Ақсай қ-мен автомоб. жолы арқылы қатынасады.