АРАЛБАЙ Оңғарбекұлы

АРАЛБАЙ Оңғарбекұлы (1854, қазіргі Маңғыстау облысы, Қарақұм ауылы – 1914, сонда) – ақын. Мұсылманша білім алған, шығыс әдебиеті нұсқаларымен жақсы таныс болған. Жас кезінен темірші-ұсталық, етікшілік, аңшылық, балықшылық сияқты кәсіптермен айналысады, тас қашап, зират ескерткіштерін жасаған. Аралбайдың қолынан шыққан сәулетті ескерткіштердің үздігі – Қарашүңгіл зиратындағы Бырттың мазары. Ел арасына ауызша кең тараған жырлары: “Қашағанға мұңын шағуы”, “Еңсесі кеткен жүйрікпін”,“Жатырмысың, перзентім” (“Әдебиет майданы”, 1935, N6), “Меңешке айтқаны”, “Келіні Меңешке шығарып берген жоқтауы”, “Жұт жылы”, “Күрекешпен сөз қағыстыруы”, т.б. Ақын толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Ақберен” (1972), “Абыл, Нұрым, Ақтаным…” (1997) жинақтарында жарияланған. Толғаулары адам атаулыға ортақ өмірдің мәнді мәселелерін көтеруімен, ойлы, бейнелілігімен ерекшеленеді. Ақынның жеке туындылары ҚР ҒА Орт. ғыл. кітапханасының сирек қоры мен М. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-ты Қолжазба орталығында сақтаулы. Бейіті Қарашүңгіл зиратында. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *