АРАЙ

“АРАЙ” — жастарға арналған республикалық қоғамдық- саяси, әдеби-көркем журнал. 1987 жылдың сәуір айынан Алматыда айына бір рет қазақ тілінде шыға бастады. Көлемі — 4 б.т. Орысша нұсқасы “Заря” деп аталды. “А.” журналы қазақ жастарының арасында беделді басылымға айналып, 1989 — 91 ж-дар арасында таралымы 300 мың данаға жетті. 1992 — 94 ж. журнал қаржы тапшылығына ұшырап, таралымы күрт азайды. 1995 жылдан жекешелендірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *