АРАЙ — Қызылорда қаласының іргесіндегі, 1937 — 38 ж. саяси қуғын-сүргін құрбандары жерлеген азалы мекен. Кеңес дәуірі кезінде мұнда пионер лагері, саяжайлар орналасты. ҚР Президентінің жарлығымен 31 мамыр саяси құрбандарды еске алу күні болып жариялануына орай А. мекенінде жерленген арыстар қабірі анықталып, оларға арналған ескерткіш орнатылды (Ескерткіштің авторы Сапарғалиев М.). А. тоталитарлық, отаршылдық режимнің құрбандарына тәу ететін азалы мекенге айналды.