АРАГОНИТ

АРАГОНИТ – карбонаттар класындағы минерал. Химиялық формуласы: CaCO3. Ромбылық сингонияда кристалдары призма және ине тәріздес болып түзіледі. Агрегаттары шыбықша немесе шоқ сәулеше тарамдалады, тамшы тәрізді және оолитше бөлшектенеді. Арагонит ақ, кейде сарғыш, жасыл және күлгін түстес әрі шыныдай жылтыр болып келеді. Қаттлығы 3,5 – 4,0, сынғыш, меншікті салмағы 2,9 – 3,0 г/см3. Төменгі температуралы минерал болғандықтан гидротермальды процестің соңғы сатыларында түрлі экзогендік процестер әсерінен түзіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *