АРАБ ЦИФРЫ — 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сияқты математикалық таңбалар. А. ц. Үндістанда (5 ғ.) пайда болған. 10-13 ғ-да Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғ.), басқа да араб математиктерінің еңбектері арқылы Еуропаға тараған. Ондық санау жүйесінде А. ц-мен кез келген санды жазуға болады.