АРАБ ТІЛІ

АРАБ ТІЛІ — тілдердің семит-хамит шоғырындағы семит бұтағынан таралатын тіл. “Құран” осы тілде жазылған. Сөздік құрамы 12.305.400 сөзден асады. А. т. семит бұтағының оңт. тармағына енеді. Оңт. және Солт. тармақшаларға бөлінеді. Оңт. тармақшасына Оңт. Арабстандағы ертеде жойылып кеткен сабей тілі, б.з.б. 5 ғ-да қолданылған миней тілі жатады. Қазіргі Йемен аумағынан табылған ежелгі жазба ескерткіштер осы аталған тілдерде жазылған. Миней жазуымен жазылған көне жазба ескерткіштер Солт. Арабстаннан да табылды. Солт. тармақша тұтас тілдің өзі тәрізді А. т. деп аталады. Осы тілде жазылған жазба ескерткіштер. кейін пайда болған. Олардың ең көнесі — лихйендік жазбалар. Бұл жазбалар Солт. Хижазда, Оңт. Сирияда Птолемейлер әулетібилік құрған кезеңде (Египетті б.з.б. 330 — 30 ж. билеген) және б.з. 106 ж. Дамаскінін оңт-ндегі Сафа шатқалына да тасқа қашап жазылған. Исламға дейінгі поэзиялық ескерткіштердің сақталып қалғандары, негізінен, б.з. 6 — 7 ғ-да пайда болған. Ислам дінінің ықпалымен А. т. Арабстан аумағында тұтас қолданылатын тілге айналды. Араб халифатыңда А.т. мемл. тіл саналады. Басқа жергілікті халықтар тіліне әсер етіп, олардың сөздік құрамы араб сөздерімен толықты. А. т-нің кең таралуы әр түрлі диалектілердің пайда болуына ықпал етті. А. т. Қазақстан аймағына 7 — 9 ғ-лардан бастап, негізінен, діни әдебиеттер, діндарлар, мешіт-медреселер ықпалымен кең таралды. Қазан төңкерісіне дейін (1917) Қазақстанда А. т-н еркін меңгерген сауатты адамдар көп болған. Кеңес өкіметі дәуірінде бұл дәстүр әлсіреді. Тек 20 ғ-дьщ соңғы ширегінде Қазақстанда А. т-н оқып үйренуге арналған бірқатар оқулықтар, анықтамалықтар (Өсеров Н., Араб тілі (әліппе), А., 1977; Араб тілі, А, 1982; 1990; 1991; Оңдасынов Н.Д., Арабша- қазақша сөздік, А., 1982; 1984; Рүстемов Л.З., Араб-парсы түсіндірме сөздігі, А., 1981; Тасымов Б., Араб тілі, А., 1984, т.б.) жарық көре бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *