АРАБ МЕДИЦИНАСЫ — араб елдері мен ислам дінін қабылдаған халықтар арасында орта ғасырларда жақсы дамыған ғылым салаларының бірі. Шығыста ислам дініне дейін емдеу жұмыстарын ирандықтар, еврейлер, сириялықтар жүргізді. Сол кезеңдегі дәрігерлердің белгілі оқытушысы, ұстазы Харет ибн Кадалахтың (6 ғ.) араб тілінде жазылған еңбектері қазіргі кезге дейін сақтаулы. Бұл еңбекте тамақты тарта жеудің, денені таза ұстаудың, ішімдікті көп ішпеудің т.б. негізгі ережелері айтылған. Мұхаммед пайғамбар Кадалахтың әдістемелік тәсілдерін Құраның сүрелеріне енгізген. Аристотельдің мед. еңбектерін арабтарға алғаш таныстырған — филофсоф, математик, астроном, дәрігер әл-Кинди (шамамен 800 — 870 ж.). Ол жазған 20 шақты еңбектің ең елеулісі (“Дәріні дайындау және қоладун мөлшері”) латын тіліне аударылған. әл-Киндидің дәрігерлік көзқарастарын Әбу Наср әл-Фараби және Әбу Әли ибн Сина одан әрі дамытты. әл-Фарабидің “теориялық және практикалық медицина” деген кітабында А. медицинасындағы ғыл. көзқарастар баяндалған. әл-Фараби қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін әсерін алғаш рет айтқан. Оны ибн Сина өз еңбектеріне негіз етіп алған. ибн Сина (980 ж.т.) философия, математика, мед. т.б. ғылым салалары бойынша Хиуада білім алып, Гиппократ, Гален еңбектерімен жете танысты. Орта Азия, Иран, Түркістан елдеріндегі мед. саласының даму барысын жүйеледі. Оның “Қанун” атты еңбегі 6 ғ. бойы Шығыстың әдіргерлік мектептерінде және Еуропаның ун-терінде негізгі мед. оқулық ретінде пайдаланылды. ибн Сина осы кітабында дерттің түрлерін анықтау, оны емдеу тәсілдері, ауруды күту т.б. мәселелермен бірге 760 дәрі-дәрмек жөнінде сипаттама жазып, мұра етіп қалдырды. 12 ғ-да “араб философы ибн Рушданың шешек ауруына, көз құрылысына сипаттама беріп, еудеу жолдарын талдаған “Китаб әл-Күллийә” кітабы латын тіліне аударылып, бүкіл Еуропаға тарады. А. мед-ның дүние жүзіне тарауына үлкен ықпал жасаған Ортаазиялық ғалым Бәкр Зәкәрия (әр-Рази). Ол науқасты емдеу үшін хим. жолмен алынған дәрілерді пайдалануды ұсынды. Араб дәрігрелері органик. заттардан дәрі алудың жолын алғаш тапты. 754 ж. Бағдатта алғашқы дәріхана ашылды. Араб халифатында ауруханалар жүйелі түрде жұмыс істеуге көшірілді. Орта ғасырлардағы Араб елдерінде ауруханалардың жанынан медициналық мектептер ашылды. Олардың бай кітапханалары, ғыл. орталықтары болған. Мұндай орталықтар Бағдатта (8 ғ.), Кордова мен Куфеде (10 ғ.), Дамаскмен Каирде ((13 ғ.) ашылған. Дәрігер даярлау әр сала бойынша (тіс дәрігері, хирург т.б.) жүргізілді. Науқастың түрі мен сипатына қарай жіктеп емдеуді тапқан арабтар болған. Олар үлкен қалаларда тазалық ережелерінің бұзылмауын қадағалап отырған. Ауруды емдеу және одан сақтандыру негізгі мақсатына айналған.