АРАБ ЖАЗУЫ

АРАБ ЖАЗУЫ — ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады. А. ж-нда 28 әріп бар. олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыс- сыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты- үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін. Хұснихат үлгілерінде А. ж-ның сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады. А. ж. қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б.) қолданылады. Қазақстанда А. ж. ислам діні арқылы 7 — 9 ғ-лар аралығын да таралған. Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. ғұламалар А. ж-н өздері туып- өскен орталарында үйренгені сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. А. ж. алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1928 ж-ға дейін пайдаланылып келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *