АРАБ ЖАЗБАЛАРЫ, Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8 — 15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғыс хан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик. мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты мәліметтер жиналды. Орта ғ-лардағы араб тарихнамасында Қазақстан аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан әрекеттерімен түсіндіруге болады.
Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классикалық тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғ-да өмір сүрген Әбу-л-Аббас Ахмед әл-Белазуридің “Китаб футух әл-бұлдан” (Жорықкітабы”), Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табаридің “Тарих әр-русул уә-л-мулук” (“Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”) атты шығармаларында 7 — 8 ғ-дағы арабтардың Орта Азия мен Оңт. Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады. ат-Табаридің замандасы, бағдадтық Әбу Осман Әмір әл-Жаһиздың (9 ғ.) “Манақиб әл-атрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнол-сы жөнінде тұңғыш мәліметтер берілген, Аббас әулеті халифалары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб қалалары тұрғындарын таңдандыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың әдет- ғұрпы туралы баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғ-дың 1- жартысында Ертіс бойыңдағы (Солт.-Шығыс Қазақстан) қимақтар елі арқылы тогыз- огыз қағанының астанасын басып өтіп, Шығ. Түркістанға саяхат жасады. Тамим ибн Бахр қимақтардың мекен жайы, шаруашылығы жайын да мәлімет бере отырып, Тараз қ-нан қимақ патшасының сарайына дейінгі көрген-білгені жайлы әңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы деректер 9 ғ-дағы араб тілінде жазылған геогр. шығармаларда да ұшырасады. Мұндай ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы Әбу-л- Қасым Ұбайдаллаһ ибн Хордадбехтің “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты әкімш.-геогр. анықтама еңбегі жатады. Онда Оңт. Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі елді мекендердің ара қашықтығы көрсетілген. Ибн Хордадбех, көбінесе, халифаттың ерте кездегі байланыс қызметі архивіне сүйенген.
Тарихшы-географ Әбу-л-Аббас Ахмед ал-Йакубидің (9ғ.) “Китаб әл-бұлдан (“Елдер кітабы”) атты геогр. шығармасында Қазақстан түркілері жайындағы тарихи- этногр. кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте түркілер туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Әсіресе, оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз, тоғыз-оғыз тайпаларының бірлестіктері туралы мәліметтері аса маңызды. Араб географы, филолог Әбу-л-Фарадж Қудама ибн Жафар әл-Басри (10 ғ.) “Китаб әл-харадж уә сан’ат әл-китаба” Харадж және хатшылық өнер жайлы кітап”) деген ресми құжаттар мол пайдаланылған геогр.-әкімш. шығарма- сында халифаттың әкімш. бөліктері, ірі қалалары, таулары, өзен-көлдері және жеті климат (ықылым) туралы деректер береді. Мұнда аймақтардағы жол қатынасы, жер жағдайы, алым-салық мәселесі туралы айтылады. Шығармада көршілес мұсылман елдері жөнінде мағлұмат беріліп, онда қарлұқ, қимақ, оғыз тайпалары, Оңт. Қазақстан мен Жетісу шебіндегі жол қатынасы, қалалар мен елді мекендер, олардың ара қашықтығы жөнінде нақты мәліметтер жинақталған.
Араб географы Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамадани (9 ғ-дың соңы — 10 ғ-дың басы) “Китаб ахбар әл-бұлдан” (“Елдер туралы әңгіме кітабы”, 903 ж.) атты тарихи шығармасында, көбінесе, өзіне дейінгі авторлардың (әл-Жаһиз, ибн Хордадбех, әл-Жейхани) мәліметтеріне сүйенеді. Шығармада Азия мен Батыс Еуропа елдері туралы тарихи-геогр. материалдар мол. Түркі тайпалары (қарлұқ, қимақ, қыпшақ, оғыз, тоғыз-оғыз, т.б.) жайлы, олардың орналасуы, шаруашылық және мәдени өмірі, елдер, қалалар, сауда жолдары туралы деректері аса құнды. 10 ғ-дың басында ибн әл- Факихпен бір мезгілде Әбу Әли Ахмед ибн Русте көп томдық энциклопедиялық шығарма жазды. Бұл еңбектің аймақтардың тарихи-геогр. сипаттамасы жазылған бір ғана томы сақталған. Ибн Рустенің түрлі саяхташылар мен географтардың шығармаларының негізінде түркі тілдес тайпалар туралы жазған “Китаб әл-алақ ән-нафиса” (“Қымбат алқа туралы кітап”) атты еңбегінің Қазақстан тарихы үшін үлкен маңызы бар. 10 ғ. — араб геогр. әдебиетінің кемелденген кезі.
Бұл дөуірдегі арабтың көрнекті географ-саяхатшысы ирандық Әбу Исхақ әл-Истахридің (10 ғ.) “Китабәл-масалик уә-л-мамалик”, (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты еңбегі әл-Балхидің бізге жетпеген геогр. шығармасының өңделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Парсы теңізі, Мағриб, Египет, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Хазар теңізі, Армения мен Әзербайжан, Хорасан мен Мауераннахрға геогр. сипаттама берілген. Бұл елдердің әрқайсысының шекарасы, қалалары, бір-бірінен қашықтығы, қатынас жолдары туралы дерек келтіріліп, азық-түлік, сауда-саттық, қол-өнері жөнінде егжей-тегжейлі жазылады. Сонымен қатар шығармада Шығыс Еуропа жайында, соның ішінде хазарлар, бұртастар, бұлғарлар жайында, бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары: оғыздар, қимақтар, қарлұқтар туралы маңызды мәліметтер бар. Түркі тайпаларының орналасқан жерлері белгіленген “Дүние жүзінің картасы” берілген. әл-Истахридің еңбегін 10 ғ-дың соңында Әбу-л-Қасым ибн Хаукал толықтырып, “Китаб әл-масалик уә-л-мамалик”(“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) деп атады. Оның жазбасына қарағанда олар бір тілде сөйлеген. әл-Истахри мен ибн Хаукал еңбектерінің маңызды бөлігі “Сурат әл- ард” (“Жер беті”) деп аталатын геогр. карта болып табылады.
10 ғ-да Қазақстан жері арқылы арабтың 2 саяхатшысы, Ахмед ибн Фадлан мен Әбу Дулаф сапар шеккен. ибн Фадланның “Рисала” (“Жазба”) еңбегінде араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына барған елшіліктің сапары жазылған. Елшіліктің мақсаты хазарларға қарсы араб-бұлғар одағын құру, әрі бұлғарлар арасына ислам дінін орнықтыра түсу еді. Елшілік Бағдадтан 921 ж. маусымда шығып, 922 ж. мамыр айында бұлғарларға жетеді. Бұлар Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, Хорезм, Үстірт, Жайық арқылы Еділ бойына келді. Мұнда орыстар мен хазарлардың әлеум. және рухани өмірінен, Қазақстанның бүгінгі батыс обл-тарын мекен еткен көшпелі түркі тайпалары: пешенег, башқұрт, әсіресе, оғыздардың этногр., шаруашылық, тарихи-геогр. жағдайынан маңызды деректер келтірілген. Ибн Фадлан 942 ж. Қытай мен Үндістанға жасаған саяхаты жайындағы сапарнамасын 2 «Рисалаға» («Жазба») жинақтадф. Онда оғыздардың, қимақтардың, қарлұқтар мен жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмысы жағдайы туралы деректер берілген. Жазбада автор көргенінен гөрі етігенін көп әңгімелейді. Бағдад қ-нда туған араб тарихшысы әрі географы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің (10ғ.) шығармасы құнды тарихи деректеме болып табылады. Ол Үндістаннан Атлант мұхитына дейінгі,Қызыл т-ден Каспий т-не дейінгі, аралықтағы елдерге саяхат жасап, ондағы түрлі қауым өкілдерімен аралаып, дидарласу арқылы дүниетанымын кеңейтті. «Ахбар әз-заман» («Дәуір тарихы») атты 30 томдық тарихи-геогр. энциклопедиядан қысқа ғана үзінділер сақталған. Оның тарихи шығармаларынан «Мурудж әз-захаб уә ма’ адин әл-жауахир» («Алтын шайқайтын және жарқырауық тастар алынатын кен орны») атты еңбегі ықшамдалған, ал «Китаб ат-танбиһ уә-ш-шираф» («Ғибрат және қайыра қарастыру кітабы») атты геог.шығармасы толық күйінде жетті. Әл-Масудидің еңбектерінде түркі тайпалары қимақтар, оғыздар, қарлұқтар, барисхандар, тоғыз-оғыздар, хазарлар туралы құнды тарихи-этногр. Деректер және ерте орта ғ-дағы Қазақстанның тарихи георг-сы жайында бағалы мәліметтер берілген. Сонымен қатар Баты Қазақстандағы 9ғ-дың 2-жартысындағы тарихи оқиғаларға қықаша тоқталады.
Шамс әд-Дин Әбу Абдаллаһ әл-Мақдиси (10ғ.) шығармаларының ішінде оның өзі куә болған оқиғаларға негізделген тарихи-геогр. Еңбегі маңызды орын алады. «Ахсан ат-тақасимфи марифат әл-ақалим» (986 ж.), («Аймақтар жөнінде мағлұмат беретін таңдаулы тарау») атты шығармасы елдер мен аймақтарды араб әдебиетінде толықта, жүйелі түрде сипаттайтын еңбек. Онда Орта Азия мен Оңт. Қазақстан, ондағы халықтардың тайпалық құрамы, қалалары мен елді мекендері, сауда жолдары, сауда-саттық заттары, шаруашылығы мен діни көзқарастары, тілі, әдет-ғұрпы жайында маңызды деректер келтірілген.
Қазақстанның түркі тілдес тайпалары туралы мағлұмат араб-испан географы Исхак ибн әл-Хұсайынның (11 ғ.) “Китаб ажам әл-маржан фи сихр әл-мадаин әл-машһүр фи кулл макан” (“Дүние жүзінің әйгілі қалаларын сипаттайтын маржан қазына”) деп аталатын Андалусияда жазылған еңбегінде берілген. Оның түркілер жайындағы деректемелері Әбу Сайид Абд әл-Хайя Гардизи (11 ғ.), Әбу Райхан әл-Бируни (11 ғ.) және Шараф әз- Заман Тахир әл-Маруазидің (12 ғ.) анықтамаларына сәйкес келеді. Кітапта түркі халықтары, әсіресе, қимақтар жайлы этногр. және тарихи-геогр. маңызды мағлұматтар бар. Қазақстанның орта ғасырдағы бағалы деректемесі ретінде әл- Маруазидің (12 ғ.) “Табаи әл- хайуан”,(“Жануарлардың табиғи қасиеттері”) шығармасын атауға болады. әл-Маруази салжұқ әулетіне жататын Мәлік шаһ (1072—92) пен оның мұрагерлері тұсында (Санжар билігіне (1118—57) дейін) сарай дәрігері болған. Оның шығармасында бірқатар деректемелерге, соның ішінде, әл-Жейханидің (9 ғ.) еңбегіне сілтеме жасалды. Онда түркі халықтары туралы соны этногр. деректер бар. Әсіресе, 9 ғ-дың басында қимақ, қыпшақ, оғыз тайпаларының қоныстануына едәуір ықпал еткен халықтардың қоныс аударуы туралы Қазақстан тарихы үшін аса бағалы мәлімет араб ғалымы Әбу Абдаллаһ Мұхаммед әл-Идрисидің (12 ғ.) “Нұзхат әл-мүштақ фи ихтирак әл-афак” (“Аймақтарға сапар шегіп, шаршап-шалдыққан жанның ермегі”) атты ірі геогр. еңбегінде көрсетілген. Әл-Идриси Сеутте туып, Кордовада оқыған. Жас кезінен көп саяхат жасап, Лиссабонда, Англияда, Францияда, Мароккода, Кіші Азияда болған. Автор геогр. шығармаларының бірін Сицилия королі Роджер ІІ-ге (1098 — 1154) арнаған. Онда Еуропа, Азия мен Африка елдері туралы егжей-тегжейлі жазылған. Шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар туралы этногр. және тарихи-геогр. сипатта жазылған маңызды деректер келтірілген. Орта ғ-дағы Қазақстан жерін мекендеген қимақ, қыпшақ, оғыз, қарлұқ, түргеш, азкиш сияқты түркі тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, қалалары, сауда-қатынас жолдары, қолөнері сөз болады. Автордың кейбір мәліметтері бізге жетпеген жазба деректерден алынған. Солардың ішінде Шығ. Қазақстан даласынан шыққан, қимақ патшасы Жапақ ибн Хакан әл-Қимакидің (10 — 11 ғ.) шығармасы бар, ал- Идриси еңбегіндегі “Сурат әл- ард” (“Жер беті”) атты геогр. картада кеңінен көрсетілген геогр. және экон. объектілер шығарманың деректемелік құнын арттыра түседі. 13 ғ-дан бастап араб тілінде жазған ортағасырлық авторлар өз заманында өтіп жатқан оқиғалардан гөрі, өткен дәуірдегі тарихшы-географтардың еңбектерінен үзінділер келтіре жазуды мақсат ете отырып, біздерге жетпеген бірқатар шығармалардан бағалы деректер келтіреді. әл-Идрисидің ізін қуушы араб географы Әбу-л-Хасан Нүр әд- Дин Әли ибн Сайидтың (13 ғ.) “Жеті аймақтуралы” шығармасы өзіне дейінгі деректемелерге сүйене жазылғанымен, Қазақстан мен Еділ бойының, Орта Азияның 13 ғ-дың ортасына дейінгі тарихи геогр-сын зерттеуде өз орны бар. Сондай-ақ қимақтар, олардың татарлармен қарым-қатынасы туралы қызықты деректер берілген. Осы тектес деректемеге тарихшы-географ Зокория әл- Қазуинидің де (13 г.) еңбектері жатады. Ол бірімен бірі сабақтас 2 тарихи-геогр. шығармаларымен танымал. Оның алғашқысы “Аджаиб ол-махлуқат”(“Жаратылыс ғажаптары”), 2-сі “Асар әл-билад”(“Қалалар ескерткіші») деп аталады. Бұл туындыларда түрлі аспан шырақтары, жердің жеті белдеуі (ықылым), мұхиттар, өзен-көлдер, жан- жануарлар дүниесі туралы мәліметтер, 9—10 ғ-ларда бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз, қарлұқ, жікіл, қимақтайпалары жөнінде тарихи-этногр. деректер топтастырылған. Сириялық Шамс әд-Дин Мұхаммед әд-Димашқи «Нүхбәт әд-дәһр фи аджаиб әл-бөрр уә-л» (“Құрлық пен теңіз таңғажайыптары жөнінде баяндайтын мерзімнен іріктеу”) атты космогр. үлкен еңбектің авторы. Оның шығармасы, көбінесе, араб авторларының 9—11 ғ-лардағы дәстүрлі шығармаларына негізделе жазылған. Дегенмен түркі халықтары жөнінде, олардың орналасу жағдайы туралы тарихи-этногр. мағлұматтар берілген. Әсіресе, автордың қыпшақтардың этник. құрамы жайындағы мәліметі құнды дерек болып табылады. Сирия ғалымы Йақұттың (13 ғ.) “Муджам әл-бұлдан” (“Елдердің тізімі”) атты геогр. анықтамасында монғол басқыншылығы, монғол әскерлерінің қыпшақ, алан, бұлғар және Саксин жерін басып өткендігі жайлы айтылады. Йақұттың замандасы әрі жақын танысы Изз әд- Дин Әбу-л-Хасан Әли ибн әл- Асир (13 ғ.) Арабстан, Сирия, Палестинаға саяхат жасады. 1188 ж. Салах әд-Диннің крест тағушыларға қарсы жорығына қатысты. Оның қаламынан бірқатар тарихи-библиогр. еңбектер және “әл-Кәмил фитт-тарих”(“Тарихтың толық жазбасы”) атты ауқымды тарихи жылнама жарық көрді. Бұл шығармада монғол жорығына дейінгі мұсылман дүниесінің тарихы баяндалады. Автор біздің дәуірімізге жетпеген құнды деректемелерді пайдаланған. Мұсылман әулеттері мен оған көрші орналасқан мемл-тердің (Араб халифаты, Самани, Қарахан, Хорезмшаһ әулеттері, қарақытайлар, т.б.) саяси тарихы егжей-тегжейлі жазылған. Қазақстанның орта ғ- дағы тарихы үшін ежелгі түркілерге,қарлұқ, оғыз, қыпшақтарға қатысты саяси, этник., этногр. және мәдени сипаттағы мағлұматгардың маңызы зор. Ибн әл-Асирдің 1232 жылға дейінгі саяси оқиғаларды қамтитын тарихи еңбегінде монғол шапқыншылығы, оның зардаптары баяндалған. Ибн әл-Асирдің замаңдасы хорасандықтарихшы, Хорезмнің соңғы шаһы Жалал әд-Диннің сарай хатшысы және өмірбаяншысы Шихаб әд-Дин Мұхаммед ән- Несауидің “Сират ас-сұлтан Жалал әд-Дин Манкбурни”(“Жалал әд-Дин Манкбурни сұлтанның өмірі туралы”) атты еңбегінде түркі тайпаларымен, соның ішінде қыпшақтармен тығыз байланыс жасаған Хорезмнің ішкі, сыртқы саясаты, монғолшапқыншылығы жайында құнды деректер келтіріледі. Шығармада Хорезм мен қыпшақ даласының достық қатынасы да, қарулы қақтығысы да баяндалады, қыпшаққоғамыныңішкі құрылысы, оның шаруашылығы, тұрмыс-жағдайы жайында мәліметтер бар.
14 — 15 ғ-ларда мәмлүк (қыпшақ) әулеті билеген Египеттің Алтын Ордамен қарым-қатынасы жайында бірқатар тарихи шығармалар жазылды. Түркі әулеттері мен халықтары, елдері туралы тарихи геогр. құнды деректері бар әкімш. істерге қажетті энциклопедиялар жарықкөрді. 13 ғ-да Египетте қыпшақтан шыққан әз-Захир Рукн әд-Дин Бейбарыс сұлтанның (1260 — 77) өмірбаянына арналған тарихи еңбек жазылды. Шығарманың авторы — сұлтанның хатшысы Абд әз-Заһир. Шығармада Алтын Ордамен қарым-қатынас, Қырымнан Итилге (Еділге) дейінгі жолдар сипаттамасы, сол кезде Дешті Қыпшақ тайпаларымен араласып кеткен Қырым тұрғындарының тайпалық құрамы жөнінде этногр. мәліметтер беріліп, Алтын Ордадағы діни және идеол. жағдайлар туралы айтылады.
Көрнекті тарихшы Шихаб әд- Дин Ахмед ән-Нувейридің (14 ғ.) “Ниһаят әл-араб фи фунун ш-алаб” (“Араб пәндеріне қатысты тілек шегі”) атты энциклопедиялық еңбегі 5 бөлімнен құралған. Тарихқа арналған соңғы бөлімі кітаптың жартысына жуық көлемін қамтиды. Тарих тарауы, негізінен, көшірме, ал түпнұсқасында соңғы жылдардағы яғни, 1331 жылға дейінгі деректер қамтылған. Автор түркі халықтары туралы тарихи-этногр. деректер келтіріп, “Қыпшақ еліне” қысқаша шолу жасайды, тайпаларының саны, ру тартысы жөнінде баяндайды. Өмірініңұзақжылдарын Мысырда өткізіп, ән-Наср сұлтан (1347 — 51) тұсында мемл. хатшы міндетін атқарған дамаскілік әл-Омаридың “Масалик әл-әбсар фи мамалик әл-әмсар ” (“Қалалар иеліктеріне көз жіберу жолдары”) атты энциклопедиясының жеке томдарында Шығыс пен Батыс аралығындағы өзі білетін барлық мемлекеттер жайлы жазылған. Мұнда Шыңғысхан шапқыншылығының Орта Азия мен Еділ бойына, Кавказға тигізген әсері, Дешті Қыпшақ жеріндегі қалалар мен сауда жолдары, қыпшақтардың орналасуы, әдет-ғұрыптары туралы әңгімелейді. Саяхатшы ӘбуАбдаллаһ Мұхаммед ибн Баттутаның (14 ғ.) еңбектері де осы дәуірге сай келеді. Ол Танжер (Мағриб) қ-нда туып, сонда білім алып, қазылық қызмет атқарған. 25 жыл (1325 — 49) саяхатта болып, 150 мың шақырымнан аса жол жүрген. “Тухфат ән-нузар фи ғараиб әл-әмсар уә аджаиб әл-асфар”_)(“Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту”) атты кітабында өзінің сапарлары жайында баяндайды. Түркі халықтарының тарихы үшін Алтын Орданың құрамындағы Қырымнан Еділ бойына дейін созылып жатқан Оңт. орыс даласы туралы жазғандары бағалы мәлімет. Астраханнан шыққан ибн Баттута Константинопольге соғып, одан Алтын Ордаға қайта оралып, Сарайдағы хан ордасында болады, Еділден өтіп Үстіртке, одан Хорезм, Бұхара, Ауғанстанға сапар шегеді. Еңбекте Қазақстан жері, қазіргі Ресейдің оңтүстігін мекендеген ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті жайында өте бағалы дерек келтірілген.
14—15 ғ-дағы арабтың көрнекті тарихшыларының бірі Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун. Ол Тунисте ауқатты отбасында туған. 1382 ж. Египетке қоныс аударды. 14 ғ-дың басында Сирияда болып, соңғы жылдарын Каирде өткізді. “ Китаб әл-ибар…”) (“Ғибрат пен төлімдік төрбие кітабьг”) деп аталатын еңбегі 3 кітаптан кұралған. Оның 1- кітабының 1-бөлімінде немесе “Мұқаддимде” (Кіріспе) өзінің әлеум., филос. және саяси-экон. көзқарастары, қоғам мен мемл-тің дамуын, адамдардың мәдени және шаруашылық өмірін қамти отырып, адамзат мәдениетіне қатысты пікірлері жазылды. 1- кітап ежелгі халықтардың тарихы мен автор заманындағы шығыс мұсылман мемл-тері, оның ішінде Қарахан, Салжұқ, Хорезмшаһ, Мәмлүк мемл-тері, Таяу Шығыс пен Орта Азияда билік жүргізген монғол әулеттерінің тарихын қамтиды. Ибн Халдунның еңбегінде түркі тайпаларының (оғыз, қимақ, қыпшақ) ерте ортағасырдағы тарихы жөнінде деректер мол.
Египет тарихшыларының ішіндегі көрнектілері: ибн өл-Фурат (14 ғ.), әл-Қалқашанди (14-15 ғ-дың басы), әл-Маһризи (14 —15 ғ-дың басы), Әбу- л-Махасин ибн Тагриберди (15 ғ.). Бұлардың еңбегінде Алтын Орда мен Египеттің қарым-қатынасы, түркі халықтары, әсіресе, қыпшақтар жөнінде қызықты деректербар. Египет тарихшыларының ішінде Ахмед ибн Арабшаһтың (15 ғ.) деректері ерекше құнды. Дамаскіде туған, бірақ бала кезінде тұтқындалып, Самарқанға әкелінген ол Хорезм, Астрахан, Сарай, Қырым, Түркістанда болып, Дамаскіге қайтып оралады. Кейін Каирге қоныс аударып, қалған өмірін сонда өткізеді. Ибн Арабшаһтың “Аджаиб әл-макдур фи нәуаиб ахбар Тимур” (“Темірдің тағдырын шешкен ғажайыптар”) атты тарихи шығармасында Темірдің тонаушылық, басқыншылық жорықтары, Алтын Орданың саяси тарихы және тарихи геогр. жағдайы Оңт. және Батыс Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы, этногр-сы жайында деректер берілген.