АРАБИЯ ТЕҢІЗІ — Үнді мұхитының солт. жағында Еуразия құрлығына сұғына еніп жатқан теңіз. Ол Солтүстігінде Дживани, барысында Харун мүйістерімен, оңтүстігінде Адду топ аралымен, шығында Лаккадив түбегімен шектеледі. Пәкістан, Үндістан, Иран,Оман,Йемен мемлекеттерінің шекараларымен астасқан.Ауд. 4,8 млн. км2, орташа тереңд. 3160 м, көл. 14,5 млн. км3. Жағалаулары көбіне жазық, аз тілімденген. Ірі шығанақтары: Камбей, Кач, Масира, Саукира, Куриа-Муриа т.б. Ең үлкен аралдары: Сокатра, Масира, Абд әл-Кури, т.б. Теңізге құятын ірі өзендері: Инд, Нармада, Тапти, Махи, Дашт т.б. Теңіздің тереңд. ортасына қарай арта түседі. Ең терең жері — Уитли шұңғымасы (5803 м). А. т. жылы теңіздер қатарына жатады, өйткені ол бірін-бірі кезек алмастыратын үш климаттық белдеуде (тропиктік, субэкваторлық, экваторлық) орналасқан әрі муссон желдерінің өтінде жатыр. Қысқы муссондар солт.-шы- ғыстан Арабия түбегінің жағалауымен және солтүстіктен теңіздің шығыс бөлігіне қарай соғады. Қаңтар айының орташа темп-расы 20°—26°С шамасында, шілде айының орташа темп-расы 30°С. Жылдық жауын-шашынның мөлш. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай (100 — 2000 мм) көбейеді. Теңіз суының тұзд. Арабия және Үндістан жағалауында 35,5%о, солт. бөлігінде 36,5%о болады. Теңіз бетінің булану мөлш. жоғары (2000 мм). Ірі порттары: Бомбей (Үндістан), Карачи (Пәкстан), Окха (Үндістан), Аден (Йемен), т.б. Теңіз тіршілік дүниесіне өте бай. Онда дюгань, акула, сарданелла, майшабақ, тунец, семсер балық, рифті балық, т.б. кездеседі. А. т-нің әлемдік тауар айналымында, әсіресе, жағалауында орналасқан мемлекеттердің сауда қатынасында атқаратын маңызы зор.