АРАБЕСКА

АРАБЕСКА (франц. araheneye – арабтық) — араб әріптерімен әсемдеп жазылған хұснихат немесе көгеріс және геом. пішіндерге негізделіп жасалған күрделі ою-өрнек. Араб мәдениетінің пайда болған ықпалымен архит. және жазба ескерткіштерде (мыс., Каир қ-ндағы мазар, бейіт бастарына салынған нақыш пен әшекейлер; әдемі, нәзік әріптермен жазылған араб қолжазбалары, Қожа Ахмет Иасауи мен Айша бибі кесенелерінің ою-өрнектері мен нақыш жазулары) жиі қолданылған. Өркендеу дәуірінде А. Еуропа сәулет өнерінде кең қолданылды. Музыкада әшекейлі, сазды муз. шығармаларды, бишінің классик. бидегі негізгі қимыл-қозғалысының бір түрін де А. деп атайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *