АРА

АРА, үй арасы,бал а р а с ы (Apis mellifera) — жарғақ қан аттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі.

А. топтанып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы А. (аналық А.), бірнеше жүз еркек А. және ондаған мың (100 мыңға дейін) “жұмысшы” А. болады. Ұрғашы А. ұяда ұрпақ өсіреді. Ол А-лардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұз. 20 — 25 мм, ал салм. 150 — 300 мг-ға жетеді. Тәулігіне 2 — 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы А-лар, ал ұрықтанбаған жұмыртқадан тек еркек А-лар ғана шығады. Аналық А. ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 — 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2- жартысынан бастайды. Еркек А. денесінің ұз. 15 — 17 мм, салм. 250 мг болады. Ол, негізінен, ұрғашы А-ны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы А-лардың денесінің ұз. 12 — 15 мм, салм. 90 мг болады. Жұмысшы А- лар — көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы А-лар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы А- лар 7 — 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір А. өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. А-лардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Ала- тауының етегінде А-ның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. А. ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. А-дан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *