АПТА — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Ол алғаш рет Шығыста пайдаланылған. Б.з.б. 1 ғ-да Римде қолданылды, кейінірек бүкіл Еуропаға таралды. А-ны пайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Шолпан, Меркурий сияқты 7 аспан денесінің сол кезде белгілі болуына байланысты пайда болды. Сонымен қатар кейбір елдерде 5 тәуліктік және 10 тәуліктік А-лар да қолданылды.