АПРИОРИ (лат. apriori — алдыңғыдан) — ортағасырлық схоластар енгізген қандай да бір амалға, әрекетке тәуелсіз, олардан бұрын танылатын ұғым, түсінік мәнін білдіретін философиялық термин. А-дің қарсы мағынасы — апостериори (лат. aposteriori — кейінгіден). “Априорлық тұжырым”, “априорлы пайымдау” деген секілді ауызекі тілде айтылатын “А.” ұғымы жорамал, негізсіз болжам мәнін білдіргенімен, филос. тұрғыдан мұның жан- жақты талдауды қажет ететін өзіндік ғыл. сыр-сипаттары бар.