АППАҚ ИШАН КҮМБЕЗІ —19 ғасырдың ақырындағы архитектуралық ескерткіш. Оңт. Қаз. обл. Шаян а-нда күйдірілген кірпіштен шаршы жобада салынған. Табанының аумағы 6,7×6,6 м, ішкі көлемі 3,5×3,5 м биікт. 6 м. Қабырғаларының ішкі жағына әлемнің төрт жағына бағытталған тайыздау қуыс жасалған. Құрылысты күмбезбен жапқан. А. и. к. пішімі жағынан Қазақстанның оңт-не тән діни құрылыстарға жатады. Күмбездің ішінде екі сағана бар. Оның бірі — Шаян а- ндағы мешіт-медресені салдырған Аппақ ишандікі, екіншісі — осы А. и. к-н салған шебердікі.