АППАЛАЧ ТАУ ЖҮЙЕСІ

АППАЛАЧ ТАУ ЖҮЙЕСІ — Солт. Американың оңт.-шығысында 2600 км-ге созыла орналасқан таулар. Ол бір-біріне параллель орналасқан жоталардың, аңғарлардың, үстірттердің және таулы үстірттердің күрделі жүйесін құрайды. Ені 300 — 500 км, ең биік жері — Митчелл тауы (2037 м). Тау жүйесінің оңт,- шығысы мен солт. бөлігі кристалды жыныстардан (гнейс, кристалды тақтатас, кварцит) тұрады. Палеозойдың бас кезіндегі қатпарлану нәтижесінде көтерілген. А. т. ж-нің жалғасы Аппалачтың солт.- шығысындағы Ньюфауленд аралын алып жатыр. Таудың оңт.-батыс бөлігі палеозойдың соңғы кезеңіндегі шөгінді жыныстардың (әктас, құмтас, сазды тақтатас) қатпарлануы нәтижесінде пайда болған. Солт. Аппалачтың жер бедері таулы-үстіртті келеді, Оңт. Аппалачтың жер бедері күрделілігімен, ауа райының қолайлылығымен, жалпақ жапырақты ормандарымен ерекшеленеді. А. т. ж-нің қойнауы тас көмір мен жанғыш газға, темірге, мыс, күміс, кобальт кендеріне бай. Аппалачтың солт-нде климаты қоңыржай, оңт-нде субтропиктік. Дегенмен Атлант мұхитының ықпалымен біршама қолайлы ауа райы қалыптасады. Қаңтар айының орташа темп-расы(солт-нде) 12°С-тан +8°С-қа (оңт-нде) дейін, ал шілдеде 18 — 26°С-қа дейін өзгереді. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1000 — 2300 мм. Жаз айлары ылғалды, бұлтты және жаңбырлы келеді. Өзендердің суы мол, СЭС-терін салуға қолайлы, әсіресе, Пидмонт үстіртінен өткен өзендер “сарқырамалар сызығын” құрайды. Теннеси өз-нде 40-қа жуық СЭС салынған. А. т. ж- нде Фанди, Грейт-Смоки-Маунтинс, Мамонт үңгірі, Шенандоа тәрізді бірнеше ұлттық саяжайлар орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *