АПОФИЗА (грек. apohysis — бүртік), геологияда — магмалық дененің кіріктіруші тау жыныстары арасына тарамдалған желі тәрізді тармағы. А-ның магмалық денемен байланысы анық байқалады, себебі құрамы да соған ұқсас, ұсақ түйіршікті не порфир құрылымды болып келеді. Кейде негізгі кен денесінен тараған желіні де “А.” деп атайды.