АПОКАЛИПСИС

АПОКАЛИПСИС (грек. ароkalypsis — сөзбе-сөз ақиқатты ашып айтып беру; мағынасы — құдай шындығын және оның еркін табиғаттан тыс тәсілдермен адамдарға жеткізу), ақырзаман — Жаңа өсиеттің (Інжілдің) бір кітабы. Христиандық ұғым бойынша б.з. 95 ж. жазылып, жаңа өсиеттік діни ережелерге енген бұл дүние Айса мен оның шәкірттері туралы қасиетті жазбалар авторы Иоанн Богословқа телінеді.

А. ақырзаман туралы, Айса пайғамбар мен “күпірлер” арасындағы күрес, о дүниеде болатын сот, қиямет қайым хақында пайғамбарлық уағыздар болып табылады. А. — Жаңа өсиетке негіз болған ең алғашқы дүние. Көне грек тілінде жазылған бұл діни уағыздарға Бабыл, Мысыр, парсы аңыздары енген. Ондағы оқиғалар әр елдің өнер шеберлерін, әсіресе, суретшілері мен ақындарын қызықтырып, Шығыста да, Еуропада да көптеген көркем туындыларға арқау болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *