АПОДЕЙКТИКА

АПОДЕЙКТИКА (грек. apodektikos — сенімді), л о г и к а д а — дау-талассыз дәлелденетін, мейлінше нанымды, айқын білімді білдіретін термин. Аристотель А. деп ақиқаттылығы мен жалғандығы дедуктивті тәсілмен тұжырымдалған дәлелдемені айтады. Аристотелыше силлогизмнің өзі А-лық білім құралы. Пікір айтуда А. терминімен қатар, мағынасы тұрғысынан қарайлас аподиктика (қажеттілік) ұғымы кездеседі. Формальды логикада пайымдаулардың модалдылығына қарай олар проблемалық, ассерторлық және аподиктикалық болып бөлінеді. А-лық пайымдауда нәрсе мен оның қасиеті арасындағы заңды байланыс көрсетіледі. А-лық пайымдауды білдіру үшін “қажетті”, «болуы тиіс”, “міндетті түрде”, т.с.с. сөздер қолданылады. Кейде мұндай сөздер жасырын тұруы да мүмкін. Мысалы: “Су 100°С темп-рада қайнайды”.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *