АПЛИТ

АПЛИТ (грек. haploos — қарапайым, жай) — лейкократты (ашық түсті) шомбал, ұсақ түйірлі дайкалық жыныс. Түсі қызғылттан аққа дейін болады. А-тер, негізінен, сиалдық минералдардан (калишпаттан, плагиоклаздан, кварцтан, нефелиннен) тұрады. Олар құрамына қарай габбо-А., диорит- А., гранит-А., сиенит-А. болып ажыратылады. Олардың ішінде ең кең тарағаны — гранит-А. А. ұшпалы құраушыларынан айырылған қалдық магмалардың кристалдануынан түзіледі. Ол керамика өндірісінде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *