АПЕННИН ТҮБЕГІ — Жерорта т-нің орт. бөлігінде солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 1100 км-ге созылып жатқан Оңт. Еуропадағы ірі түбектердің бірі. Ауд. 149 мың км2, ені 130 — 300 км. Орталық Еуропадан Альпі тауы арқылы бөлінеді. Батысында Тиррен, шығысында Адриат, оңтүстігінде Ион т-дерімен қоршалған. Жағасы көп тілімделген. Жер бедері таулы. Түбектегі тауларды Апеннин таулары және франциялық, италиялық Ривер бөледі. А. т- нің көпшілігі, кайнозойлық қатпарлану кезінде қалыптасқан жанартаулық аймақ. Кен байлықтарынан: қоңыр көмір, газ және аллюминий кентастары өндіріледі. Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қыс айларының орташа темп- расы 12°С, жазда орташа темп- ра 28°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден 1500 мм-ге дейін жетеді. Ірі өзендері — Тибр, Арно, ірі көлдері — Траимек, Больсен. Таулы аудандарда етті-жүнді бағыттағы мал өсіріледі, жағалау маңында дәнді дақылдар, жүзім егіледі. Ірі қалалары — Неаполь, Рим, Ливорно, Флоренция. А. т-нде Италия, Ватикан, Сан-Марино мемл-тері орналасқан.