АПЕННИН ТАУЛАРЫ

АПЕННИН ТАУЛАРЫ — Италиядағы Апеннин түбегінің жерін алып жатқан тау сілемі. Солт.-батысында Альпімен жалғасады, оңт-шығысында Калабрия тауына дейін созылған. Ұз. Калабрия тауын қоса есептегенде Массина бұғазына дейін 1100 км. Шығыс беткейлері жадағай, батысы тік келеді. Ең биік тауы — Корно (2914 м). А. т. альпілік қатпарлану кезінде қалыптасқан, негізінен, құмтас, саз және әктастан түзілген. Жер бедерінің қалыптасуына жанартаулық әрекеттер көп әсер еткен. Сөнбеген жанартаулар қатарына: Везувийді (1844 ж. атқылады) жатқызуға болады. Күшті жер сілкіну, тектоник. қозғалыстар да қайталанып тұрады. Құрылыс материалдары, әшекей тастар, мәрмәр, қоңыр көмір, боксит кендері өндіріледі, минералды бұлақтар көптеп кездеседі. Қоңыр топырақты төменгі белдеулерде зәйтүн және жүзім ағаштары, биіктік тауларында мәңгі жасыл өсімдіктер, емендер, Жерорта т. қарағайы, альпілік белдемде жапырақты ормандар, құзды беткейлерде гарига өседі. Жері қоңыр топырақты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *