АПЕЛЬСИН (Citrus sinensis) — руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері — Оңт. Қытай және Үндістан. А- нің тәтті және ащы түрі бар. Т ә т т і А. жабайы түрінде кездеспейді. Биікт. 10 — 12 м, жапырағы қалың, сопақша, жоғары жағы сүйірлеу болып келеді. Гүлдері қос жынысты, ақ, жұпар иісті, гүл шоғырына бірден, кейде бірнешеуден орналасады. Жемісі көп ұялы, сортына байланысты сыртқы түрі, түсі (ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін) әр түрлі болып келеді. Тәтті, шырынды. Жемісінің орташа салм. 50 — 400 г, құрамында 75 — 88% су, 8 — 9% қант, 1,06 — 1,97% қышқыл, 70 мг витамин С, 0,9% илік заттар болады. Өсу жағдайына байланысты 2 — 3 кезеңге бөлінеді. А. жыл бойы өсіп, гүлдеп жеміс береді. Әр га-дан 20 — 25 т өнім алынады. А. тұқымынан және ұластыру арқылы көбейеді. Тұқымынан егілсе 10—15 жылда,алұластырылғаңда 3 — 4 жылда жеміс береді. Жемісін сол күйінде немесе қайнатып кондитерлік (варенье, джем, шырын, т.б.) тағамдар жасап жеуге болады. А щ ы А-нің биікт. аласа (6 — 8 м) болып келеді. Тікенекті бұтақтарының ұз. 6 — 8 см, жемісінің сыртқы қабығы жылтыр, қызғылтым сары, бедерлі, шырыны өте ащы болады. Жемісі, көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады.