АПЕЛЛЯЦИЯ

  АПЕЛЛЯЦИЯ (лат. appelatio — шағым) — сот үкімін шағымдау пішімдерінің бірі, бірінші инстанция сотының үкіміне байланысты тараптардың шағымдануына оран екінші инстанция сотының (шағым шеңберінде ғана) істі қайта қарап, жаңа үкім шығаруы. А-лық инстанция, негізінен, істің жазбаша материалдары бойынша шешім шығарады, бірінші инстанция сотында бұрын жауапталған куәгерлерді, сонымен қатар жаңа куәгерлерді тергеуі өте сирек кездеседі. А-лық іске ауызшалық, тікелей қатыстылық, сотталушының қорғауға құқы мен жарыспалық сияқты іс жүргізу кепілдіктеріне, сондай-ақ істі түбегейлі шешудің мерзімін ұзартуға шек қою тән болады. Алғаш рет А. тәртібі 1808 ж. Францияның қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген, кейін басқа елдердің заңдарында қабылданған. ҚР-ның қылмыстық және азаматтық заңдарында облыстық және оған теңестірілген соттар, әскери соттар және ҚР-ның Жоғарғы Соты А-лық тәртіппен іс қарайтындығы көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *