АПАРТЕИД

АПАРТЕИД, апартхеид(бур. apartheid — бөлек өмір сүру) – нәсілдік белгілеріне бола байырғы тұрғындарды арнаулы қамаушада, оқшауландырып ұстау арқылы саяси, әлеум.-экон. және азаматтық құқыларынан айыратын нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыкқан түрі. А. саясаты Оңт. Африка Респ-нда (ОАР) байырғы Африка халықтарына, сондай-ақ елеулі дәрежеде Үндістанның және т.б. елдердің түсті нәсіл өкілдеріне 1980 жылдың аяғына дейін қолданылып келді. Байырғы халықтардың жүріп-тұру бостандығы шектелді. Бұл режимді бұзу қылмыстық іс ретінде қаралды. Барлық африкандықтардың тең жартысына жуығы өмір сүретін 10 бантусман (резервация) құрылды. А. саясаты өзге ұлттарды сайлау құқынан айыру, ең төменгі еңбекақы төлеу, жүріп-тұру еркіндігінен айыру, т.с.с. шектеулер қою арқылы көрініс тапты. Бұл саясаттың негізінде адамды нәсіліне, ұлтына қарай жеккөру, кемсіту теориясы жатыр. БҰҰ А-ті адамзатқа қарсы бағытталған қылмыс, халықар. құқық принциптерін бұзушылық деп жариялады. А-ке жол бермеу және ол үшін жазалау туралы халықар. конвенция (1973 ж.) қабылдады.

ОАР-дың жаңа өкіметі А. саясатынан түбегейлі бас тартты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *