АПАН — ұра, ор, жыра, құдық. Көбіне, жауын-шашыннан, табиғат құбылыстарынан пайда болады. Жыртқыш аңдарды алдап түсіру үшін аңшылар қолдан қазған беті бүркелген А. да болады. Табиғи А-ды аңшылар аю, қасқыр тәрізді түз тағыларын қамап ұстауға пайдаланған.