АНЫҚТАМАДАҒЫ ШЕҢБЕР, логикада — анықтама ережесінің сақталмауынан туатын логикалық қателік. Ереже бойынша анықтама айналмалы болмауы керек, яғни анықталушы ұғымды өзі арқылы анықтауға болмайды. А. ш-дің айқын көрінісі — тавтология. Ол — анықталушы ұғымды дәлме-дәл өзі арқылы анықтау. Мыс., “Ұстаз — ол ұстаздық ететін адам”.