АНЫҚТАЛМАҒАН ТЕҢДЕУ

АНЫҚТАЛМАҒАН ТЕҢДЕУ— құрамында белгісіздер саны бірден артық болатын теңдеу. Ал белгісіздер саны теңдеулер санынан артық болып келетін теңдеулер жүйесі А т-лер жүйесі деп аталады. Әдетте, А. т. мен А. т-лер жүйесінің шешімдері шексіз көп болады. “А. т.” термині сандар теориясында А. т-дің белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын шешімдерін табу қажет болған кезде қолданылады (бұл орайда А. т-дің тек бүтін немесе рационал сандар болатын шешімдері ізделінеді). Мұндай шешімдер диофант теңдеулері теориясында зерттеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *