АНУША Әбу-л-Мұзаффар Мұхаммед

АНУША Әбу-л-Мұзаффар Мұхаммед (т.ө.ж.б.) — Хиуа ханы (1663 — 87). Әбілғазы ханның мұрагері. Әкесінің саясатын жалғастырып, хан билігін күшейтуге ұмтылды. Бұхарға жорық жасап Самарқанды басып алды. Оның тұрғындары А-ны өзінің ханы деп жариялады. Бірақ Бұхар әскерлері хиуалықтарды Гиждуван түбінде талқандап, А. Самарқанды тастап шығуға мәжбүр болды. Ол Ресей мемл-мен сауда және диплом. қатынас орнату жөнінде 1668 ж. Алексей патшаға хат жолдады. 1675 — 76 ж. А. хан стратег. және шаруашылық мәні бар құрылыстар салғызды. Жаңа Қияттың іргесін көтеріп, Ярмыш каналын қаздырды. 1681 ж. Хиуа алқабындағы Шахабад каналын тарттырып, онда қамал орнатты. А-ның шапқыншылықтарын тойтара алмаған Бұхар ханы олардың ішіне іріткі салып, ақыры өз ұлы Еренге өлтіртеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *