АНУАР СААДАТ

АНУАР СААДАТ (1918 — 6.10.1981) — Египет Араб Республикасының президенті (15.10.1970- 6.10.1981). Шаруа отбасында туған. Египет әскери колледжін бітіріп, әскери қызметпен шұғылданған. Ағылшындар үстемдігіне қарсы қозғалысқа белсене қатысып, бірнеше рет тұтқынға алынды. 1938 ж. астыртын құрылған, 1952 ж. шілдедегі төңкерісті бастаған “Ерікті офицерлер” ұйымының жетекшісі, Ұлттық жиналыс төрағасы (1964 — 67). 1964 — 68, 1969 — 70 ж. елдің вице- президенті. Г.А. Насер қайтыс болғаннан кейін президент болып сайланды. Билікті толық қолға алуды көздеп, бірнеше шұғыл шараларды жүзеге асырды, армияны күшейтті. 1973 ж. 27 қазанда А. С-тың бұйрығы бойынша Египет Қарулы Күштері шабуылға шығып, бір кезде Израиль басып алған жерлерін азат ету мақсатымен Суэц каналының шығыс жағалауына өтіп, Израиль қорғаныс шептерін қиратты. Бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталды. 1974ж. А. С. өкіметі бұрынғы Насер кезіндегі бағыттан бас тартып, елде нарықты экон. тәртібін орнатты. Жекешелендіру, шетел капиталына жеңілдіктер туғызу, еркін экон. аймақтар ашу, кәсіпкерлер қимылдарына еркіндік беру, т.б. шаралар “инфитах” (“ашықесік”) саясатының негізін қалады. 1978 ж. наурызда А. С., Израиль премьер-министрі Ш. Перес, АҚШ Президенті Дж. Картер Кэмп-Дэвид келісімін жасап, нәтижесінде сол жылғы қыркүйектегі Израиль-Египет бейбіт бітіміне қол жетті. Наразылық ретінде араб елдері дипломат. қатынастарын үзіп, Египетті Араб мемл-тері Лигасынан шығарды. Әскери шеру кезінде исламшыл ұйымның мүшелері А. С-ты атып өлтірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *