АНТУАН (Antoine) Андре

АНТУАН (Antoine) Андре (31.1.1858, Лимож, — 9.10. 1943, Пулиген), француз режиссері, актер, театртанушы. Париждегі Бостандықтеатрын ұйымдастырып (1887), оның көркемдік жағын басқарды. А. сахна өнерінде актерлер ойынының өзара үйлесімін, ансамбль принципін жүзеге асырды. Қоғамдық мәселені қозғайтын пьесаларды франц. театрының репертуарына енгізе отырып, көркемдік дәрежесі төмен ортақол драматургиялық шығармаларға қарсы күресті. Ол Л.Н. Толстойдың “Қараңғылық патшалығы” (1888), Г. Ибсеннің “Елестері” мен “Жабайы үйрегін” (1890 — 91) және Г. Гауптманның “Тоқымашыларын” (1893) театр сахнасында қойып, шетел драматургиясының озық үлгілерін кеңінен насихаттап отырды. 1896 — 1906 ж. өзі ұйымдастырған Антуан театрын, 1906 — 14 ж. Одеон театрын басқарды. 1914 ж-дан кейін А. театрдан қол үзіп, кино өнері және театр сынымен шұғылданды. А-ның дүние жүзі театрына әсері мол болды. Оның Бостандық театры мәнерінде Берлинде Огго Брамның Бостандық сахнасы, Лондонда — Тәуелсіз театр дүниеге келді. А. тәжірибелері орыс театр реформаторлары К. Станиславский мен В. Немирович-Данченко үшін де маңызды болды. А-ның труппадағы амплуасы ансамбльдік принципін қазақ режиссерлері Р. Сейтметов, Ж. Хаджиевтер өз жұмыстарында пайдалануға тырысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *