АНТТАР

АНТТАР (грек. Аntаі) — тайпа атауы. 6 — 7 ғ-дағы Византия жазбаларында сақталған. А. туралы негізгі деректер 6 — 7 ғ. жазушылардың еңбектерінде (Прокопий, Йордан, Агафий, Менандр, Феофилакт, т.б.) кездеседі. Днестр мен Днепр арасындағы орманды жерлерді, Днепрдің шығыс жағын мекендеген. Олар егіншілікпен, отырықшы мал ш-мен, қолөнермен айналысқан. Темір өндіру, қыш құмыра жасау, сүйек, тас өңдеу, зергерлік, тоқымашылық өнерін білген. Ауылдық қауымдастық, құл иелену өріс алған. А. 385 ж. гот королі Винитарды (Витимир) жеңді. 6 ғ-дан бастап өздеріне туыстас склавиналармен бірге Византияның Балқандағы жерлеріне шапқыншылық жасайды. 550 — 551 ж. соғыс кезінде А-дың жартысы — склавиналармен Балқанда қалып қойды. А. атауы 7 ғ-дан бастап жазба естеліктерде кездеспейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *