АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОР

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОР (грек. anthropos — адам, genos — тегі, пайда болуы, лат. Factor — іс-әрекет) — адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. А. ф-ға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен, көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. 20 ғ-дың 80-жылдарында Антарктиканың үстінде озон “жыртығының” пайда болуына, дүние жүзінде климаттың “жылынуына” (атап айтқанда дүние жүзі бойынша жылдық орт. темп-ның +0,5°С-қа көтерілуі) Антарктикадағы мұзтаулардың еруіне, Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына А. ф- лар себеп болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *