АНТРОПОГЕНДІК ЖЕР БЕДЕРІ (грек. Anthopos- адам және qenesis -туындау) — адамның іс-әрекеті нәтижесінде өзгерген жер бедерінің пішіні. Оған палеолит, мезолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары, шеберханалары, аңшылық кәсібі кезінде қалдырған апандары, шұңқырлары мен үңгірлері, т.б. жатады. Қазіргі кезде Жер шарындағы құрлықтың 46 — 50%-нен А. ж. б. байқалады. Мұндай жер бедері бейберекет және жоспарлы түрде қалыптасады. Бейберекет А.ж.б. адамдардың а.ш., орманшаруашылығын игеру, тау-кен өндірісі, жол салу әрекеттері, сондай-ақ әскери іс-қимылдарының беталды жүргізілуі нәтижесінде пайда болса, алжоспарлыА. ж . б . қоғамның мақсатына сәйкес, шаруашылық және әлеум.-тұрмыстық (азаматтық, өнеркәсіптік, әскери және инж. құрылыстар, т.б.) кажетінен пайда болады. А. ж. б . о ң (үйінді, дамба, бөгет, т.б. жасау) және т е р і с (каналдар, ойыстар мен ұңғымалар, бөгендер, суландыру жүйесі, карьерлер, т.б.) болып бөлінеді. Мұндай жер бедерлері табиғи ландшафты бұзады. Қазақстанның елеулі аймағында А. ж. б. байқалады. Оған мыңдаған км-ге созылған т.ж. бойындағы үйінділер, тереңд. 700 м-ге жететін (Сарыбай, Қашар, т.б.) және аум. ондаған км2 болатын (Богатырь, Северный, т.б.) ірі карьерлер жатады. Антропогендік әрекеттер келешекте Каспий т-нің су асты бедеріне әсерін тигізуі мүмкін. Теңізде ауд. 5 — 7 мың м2 болатын жасанды аралдар жасау жоспары осыны аңғартады.