АНТРАКНОЗ

АНТРАКНОЗ — өсімдіктің саңырауқұлақтан пайда болатын ауруы. Ол өсімдіктің жапырағы мен гүл бүршіктерінде, жемісі мен сабағында қоңыр түсті, айналасы қызғылт немесе қара дақтар түрінде пайда болады. Соның негізінде өсімдік қарайып, қурайды. А. дәнді дақылдарды, жеміс-жидектерді, бақша дақылдарын, т.б. зақымдайды. Ауруды болдырмау шараларына жерді дұрыс жырту, ауруға төзімді сорттарын шығару, ауру өсімдіктерді жинап алып өртеу және инсектицидтермен дәрілеу, т.б. жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *