АНТОЛОГИЯ

АНТОЛОГИЯ (грек. anthologia — гүл шоғы) — тандамалы шығармалар, ақындардың таңдамалы өлеңдерінің жинағы. Ежелгі грек ақындарының таңдаулы өлеңдерінен құрастырылған жинақты осылай атаған. Тұңғыш грек А-сын ақын Мелеагр (б.з.б. 60 ж.) құрастырған. “Қазақ поэзиясының антологиясы” М.Әуезов пен Т.Әлімкұловтың алғы сөзімен 1958 ж. Мәскеуде орыс тілінде жарық көрді. Кітапқа қазақ поэзиясының ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, кеңестік дәуірдегі белгілі ақындар өлендерінің ең таңдаулылары енген. Қазақ тіліндегі тұңғыш А. “Қазақ совет поэзиясының антологиясы” (2 томдық) 1966 ж. Алматыда жарық көрді (Алғы сөзін жазған М. Қаратаев; құраст. С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Орманов, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, т.б.). Мұнда әр ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мағлұматтар берілген. 1977 ж. “Қазақ совет антологиясы” басылып шықты, сондай-ақ орта ғ-дағы қазақ поэзиясының антологиясы “Алдаспан” (1971), “Қазақбалаларпоэзиясының антологиясы” (1977), “Қазақ әндерінің антологиясы” (1991), “Қазақпоэзиясының антологиясы” (1993), т.б. жарыққа шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *